• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Мамыр, 22:53:03
Алматы
+35°

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың қылмыстық ісі бойынша  алқабилерге арналған сұрақтар талданатын болған. Алайда сұрақтарды талқылау дүйсенбіге ауыстырылып, бүгінгі сот отырысы 2 минутта аяқталған. 

Сот отырысында алқабилер сот залында болған жоқ. Сонымен қатар, судья БАҚ өкілдерінен залдан шығуды сұраған.

Көп ұзамай  залдан шыққан адвокат Игорь Вранчев сот отырысы қашан жалғасатынын айтты.

"Қылмыстық іс бойынша қандай шешім шығатыны талқыланған жоқ. Біз сұрақтарымызды ұсындық, судья кеңесу залына кетті. 13 мамыр 9:30-ға дейін үзіліс жарияланды", – деді ол.

Сот үкімі қашан шығатыны белгісіз. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір