РФ Әскери-ғарыштық күштерінің қолданысындағы зымыранға қарсы жүйе зымыраны 21 маусым күні сыналды, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Казправдаға» сілтеме жасап.
Зымыранға қарсы қорғаныс (ЗҚҚ-ПРО) жүйесінің жақын қашықтыққа арналған зымыраны Сарышаған полигоны, РФ Әскери-ғарыштық күштер әуе қорғанысы әскерлерінің және өнеркәсіп өкілдерінің бірікке күшімен сыналды.
«Сынақ барысында зымыран тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы белгіленген уақытта жойды», - дейді РФ әскери-ғарыштық күштер Бас қолбасшысының орынбасары Виктор Гуменный.
Тараған баспасөз хабарламасында ЗҚҚ жүйесінің құрамы мен жауынгерлік сипаты зымырандық-ядролық шабуыл қаупін анықтап, жауапты ядролық әрекет деңгейін арттыруға, соққының мақсаты мен бағытын анықтау арқылы әскери және мемлекеттік басқару сатыларының өміршеңдігін қамтамасыз ететіні жазылған.