Оңтүстік Қазақстан облысында жылдам әзірленетін халал кеспе өндірісі жолға қойылып отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
"Lotus Food Company" ЖШС-нің «Қазан кеспе» деп аталатын өнімі Қазақстан дүкендері мен сауда орталықтарында 1 шілдеден бастап сатылмақ.
Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, «Қазан кеспе» «адал» стандартына сай келетін сертификатталған өнім көрінеді. «Оны әзірлеуге ешқандай химиялық қоспалар қолданылмайды, тек отандық ұн ғана пайдаланылады» делінген компания таратқан хабарламада.
Компания басшысы Әлиакпар Ибадуллаевтң айтуынша, нарықтың аталған бөлігінің 20 пайызын жаулап алуды жоспарлап отыр.
«Өндіріске инвестиция ретінде 471 млн теңге құйылды. Зауыттың қуаты күніне 120000 қорап кеспе шығару. Жаңа кәсіпорын қосымша 50 жұмыс орнын ашып отыр», - делінген компания хабарламасында.