Бау-бақшада 140 адам жумыспен қамтылған

/uploads/thumbnail/20170709111505651_small.jpg

 

«Аманкелді» ЖШС-і қазіргі таңда аудан, облыс экономикасын көтеруге өзіндік үлесін қосуда, жүздеген адам түрақгы жүмыс істеп, айлығын алуда. Аудандағы бос жатқан жерлерді игеру үшін барын- ша еңбек етуде. Қазығұрт жэне Айкөл елді мекендерінде МТС-тер ашып, шаруаларға көмек көрсетуде. Ауыл жанынан наубайхана ашып, түрғындарды арзан эрі сапалы нанмен қамтамасыз еіуде. Сондай-ақ, серіктестік елді мекендерді телефондандыруға, ауызсу мэселесін шешуге, жол құрылыстарын аяқгауға атсалысып келеді. Серіктестік өнімі өзіміздің облыс халқына және Өзбекстан, Ауғанстан, Иран, Тәжікстан елдеріне экспортталуда. Серіктестік басшысы Нүрлан Қүралов бізбен әңгімесінде: «Біздің ендігі мақсатымыз - таяудағы 5 жылда егістік көлемін 50000 гектар жерге жеткізіп, жаңа техника мен озық технологиянын арқасында жоғары өнім алу. Қазығүрт ауданында суармалы жер көлемін 1000 гектар жерге жеткізіп, шаруалармен біргелікте ақгүйнек, сәбіз, пияз, т.б. дақылдарды өсірудің жаңа технологиясын ендіру. Ішкі жэне сыртқы сауцада халықаралық байланысты нығайту. Бидай, жеміс-жидек өсіруде және өңдеуде жоғары технолоғиялы машиналар мен механизмдер алу», - деді. «Аманкелді» ЖШС-інің жүзім бау бөлімшесі Қызылқия ауылы округінде орналасқан. Бүгінде шаруашылықга 140 адам түрақты жұмыспен камтылған. Маусымдық науқан кезінде 300-ден аса адам жүмыс істеп, жалақы алып келеді.

Қ. ЖОЛДАСҰЛЫ

«Қазығұрт тынысы» газеті №34 2016

Связанные Статьи