Алдағы күндері, Астана мен Ақмола облысының аумағында күн күрт суытады,- деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қазанның 19-ы мен 20-сы күндері өңірде қар жауып, бұрқасын соғады. Оңтүстік батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Астана қаласында да жел күшейеді.
Еліміздің 4 аймағында осындай ескерту жарияланды. Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл, Алматы облыстарында да қазанның 19-на қараған түні жел күшейеді. Бұл өңірлерде солтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, жол көктайғаққа айналуы мүмкін.