«Теңгенің еркін айырбас бағамы саясаты валюталық қорымызды сақтап қалып қана қоймай, қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Қыркүйек айы бойынша, Ұлттық банктің алтынвалюталық қоры 2,9%-ке өсіп, $31,4 миллиардты құрады». Ұлттық банк төрағасы бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлім еткен.
Сондай-ақ, бас банкирдің сөзінше, Ұлттық қордың валюталық активтері қыркүйек қортындысы бойынша $64.4 миллиардты құрады. Елдің халықаралық резерві болса, сатып алулар бойынша $95.8 миллиардқа жетті.
«Қаржы нарығындағы бақылаудағы жағдайдың экономикалық оң әсері бізге Қазан айының басында базалық ставканы 12,5%-ға түсіруге ықпалы етті. Жақын уақытта экономикалық ауытқулар бола қоймады», - деп толықтырған ол өз сөзін.
Ұлттық банк басшысы Өскеменге халықаралық «Алтай Invest-2016» инвестициялық форумына қатысу үшін барған.