ЖЕҢІС ЖАУҒАН КҮН!... ҚАНАТ ЖЕҢДІ! ҚАЗАҚТАР ЖЕҢДІ!

/uploads/thumbnail/20170709131530064_small.jpg

Бүгінгі кештің басты бәсекесінде Қанат ұпай санымен жеңді!

«Алматы Арена» спорт сарайында күллі қазақ жұрты көптен күткен бокс кеші өтті. Лықа толған Аренада жанкүйерлер өте жақсы белсенділік танытты. Қанат Исламның қарсыласы ганалық 25 жастағы боксшы Патрик Аллотей кәсіпқой рингте 36 кездесу өткізіп, 34 кездесуде жеңіске жеткен, екі кездесуде жеңілген. Ал Қанат Ислам кәсіпқой рингте 21 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол 19 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған.

Жылдың ең маңызды спорттық оқиғасында Қанаттан бөлек, төмендегі қазақ боксшылары шаршы алаңға шықты:

Жұман Жұмабеков Владимир Ивановті (Беларусь) 23-інші секундта ұрып жықты.

Айдар Шәрібаев 6 раунд бокстасып, әріптесі  Хуан Окураны (Испания) ұпай санымен ұтты.

Әли Ахметов болса,  Әли Мамедовті (Әзірбайжан) 44-інші секундта нокаутқа жіберді.

Ауыр салмақтағы Руслан Мырсатаев - Наху Азумиді (Гана) шыға сала сұлатты.

Жанқош Тұраров болса бәсекелесі Айсак Ариені (Гана) 4 раундта жайратып салды.

Жәнібек Әлімханұлы Милтон Нуньеспен (Колумбия) өткен кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін айқын жеңіспен аяқтады.

Қанат Ислам WBC (Әлемдік бокс кеңесі) рейтингісінде 5-орында тұраған болатын. Аллотейді жеңгеннен соң рейтингте үздік үштікке енеді. Бұл рейтинг Қанат Исламға кез келген уақытта әлем чемпионы атағын таласуына мүмкіндік береді.

Қанаттың Кәсіпқой Бокстағы жаттығуына белгілі меценат «ZHERSU» ЖШС корпорациясы бақылау кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов демеушілік етіп келеді. Сондай-ақ аталған бокс бәсекесін өткізуге Алматы әкімі Бауыржан Байбек, іскер Кеңес Рақышев зор демеушілік көрсетті.

«Қамшы» порталы барша қазақты жеңіспен құттықтайды! Алға, Қазақстан!

Связанные Статьи