Қанаттың қарсыласының бапкері жекпе-жекті әділетсіз деп ренжіді

/uploads/thumbnail/20170709131706793_small.jpg

Қанат Исламмен болған жекпе-жекке ганалық Патрик Аллотейдің бапкері Офори Асари көңілі толмайтынын жеткізді.

Бұл туралы «Қамшы» порталы Vesti.kz-ке сілтеме жасап, хабарлайды.

Бапкер өз сөзінде: «Бұл әділетсіз болды. Бұл Патриктің өміріндегі ең маңызды жекпе-жегі еді, бірақ әділетсіздік болды. Мұндай жағдай еш жерде және ешқашан болмаған, мұндай былықпен бірінші рет бетпе-бет кездесуім. Осыдан кейін Қазақстаннан алған әсерім құрыды. Сөзім жоқ», - деп кейіген.

Сондай-ақ, Вестидің жазуынша Аллотей төреші жеңісті Қанат Исламға бергеннен кейін киіну бөлмесіне барғанда жылаған. Бәсекеде ұпай санымен жеңген жерлесіміз WBA Fedelatin мен WBO Intercontinental титулы бойынша чемпион атанды.

Связанные Статьи