ШҚО-да қалың қар салдарынан екі жерде жол жабылды

/uploads/thumbnail/20170709153125747_small.jpg

Боранға байланысты Шығыс Қазақстан облысының аумағында екі жолдың учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, толассыз жауған қар мен боран салдарынан бүгін сағат 08:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін  «Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының 108-123 шақырымындағы Шемонаиха мен Ресей шекарасы аралығындағы жол жабық тұр. Сонымен қатар, сағат 06:00-дан бері «Өскемен - Зыряновск - Қатонқарағай-Рахманов бұлағы» автожолының 6-66 шақырымында да көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Республика бойынша қозғалысты шектеу картасына қарағанда,  қазіргі уақытта еліміздің өзге өңірлерінде жолдар ашық.


 

Связанные Статьи