Журналист Шенан Молони (Senan Molony) 30 жыл бойы аты аңызға айналған кеменің не үшін суға батып кеткендігі туралы ғылыми-тарихи зерттеу жүргізді деп хабарлайды lenta.ru. «Титаник» сапарға шықпас бұрын Белфаста кеме жасайтын орнында инженер-электриктер оны фотоға түсіріп алған. Сол арқылы Молони зерттеу жүргізді.
Фото арқылы кеменің айсбергке соқтығысқан жерінде саяхатқа шықпас бұрын да 9 метрге созылған қара іздер болғанын байқады. Журналистің ойынша, «Титаник» сапарға шықпас бұрын онда олқылықтар болған.
Сарапшылар Шенан Молонидің болжамдарын растап отыр. Бойлердің жанындағы отын сақталған қойманың бірінде өрт шығып, соның салдарынан кемеде 9 метрлік із пайда болған. Олардың ойынша бірнеше апта бойы қойма өртенген. 12 адам оны өшіруге тырысқан. Алайда өртті өшіруге 12 адамның күші жетпеген көрінеді.
«Титаник» фильміне ән жазған автор өзінің соңғы сұхбатында, «Мен Кэмеронмен жұмыс істегенде, аздап өтірік айтуыма тура келді» деген еді. Молони «Титаниктің» иелері қызмет көрсетушілерге болып жатқан оқиға туралы айтуға тыйым салып, ТЖ кемеде келе жатқандардан жасырғанына сенімді.
Оттан кеменің қаптамасы қатты қызып кетіп, көлемі кішірейіп қалған. Сондықтан айсбергпен соқтығысқанда үлкен тесік пайда болған. Сәйкесінше өрт пен қылмыстық немқұрайлылықтың салдарынан кеме суға кеткен. Журналист Шенан Молони дәл осындай қорытынды жасады.
1 желтоқсанда Seven Star Energy Investment Group қытай компаниясы «Титаниктің» көшірмесін сала бастағаны белгілі болды. Ол Сычуандағы Romandisea International курорттық аймағында аттракцион ретінде пайдаланылатын болады. Компания өкілдерінің айтуынша жоба 2017 жылдың аяғына қарай бітеді.
Британдық «Титаник» кемесі 1912 жылы сәуір айында алғашқы рейсінде айсбрегпен соқтығысып суға батып кеткен. Кемеде екі мыңнан астам адам болды. Оның көбі суға батып кетті.