Қостанай облысының Лисаковск қаласының тұрғыны Далер Ісмағұлов петиция бастап, оны әлеуметтік желілерде тарата бастады. Бұл туралы «Alau.kz» хабарлады. Ол өзінің өтініші үкіметке жетеді деп үміттенеді.
31 жастағы Далер Ісмағұлов Қостанай облысының уақыты тұрғындардың денсаулығына кері әсер ететінін айтты.
«2005 жылы жазғы уақытқа көшу алып тасталынған болатын. Бұл жалпы географиялық белдеу бойынша республика бойынша барлық аймақтарға сәйкес келеді. Алайда, Қостанай мен Қызылорда облыстарынан басқа біраз айырмашылықтар бар. Қостанай облысының стандартты уақыты географиялық белдеудің уақытын 1 сағ 46 минутқа озып кетеді, бұл республиканың барлық облыстарынан ең жоғарғы көрсеткіш. Астрономиялық уақыттан мұндай айырмашылық барлық тұрғындардың өмір сүруі ырғығына әсер етеді, әсіресе, балаларға. Біз «басқа уақыттың» тұтқыны болып қалдық. Қыста таңғы 9-да әлі қараңғы, ал жазда 23.00-де жарық болып тұрады. Бұдан адамның биоырғағы бұзылады», – деді петиция бастамашысы Далер Исмағұлов.
Далерді таныстары мен достары қолдады. Ол өтінішін 18 қаңтар күні жариялады, әзірге 22 адам қол қойды. Далердің ұсынысын қолдағандар мынадай түсініктеме берді:
Руслан Ерменов: «Менің жыл бойы ұйқым қанбайды, бұл менің ашуымды туғызады».
Динара Төлегенова: «Біз ағымдағы уақытқа сәйкес келмейтін уақыт белдеуінде өмір сүріп жатырмыз».
Әзірге петицияға Лисаковск қаласының тұрғындары қол қойды, олардың ішінде қостанайлықтар мен челябиндықтар бар. Далер қолдаушылардың саны арта түсіп, оның өтінішін үкімет бей-жай қалдырмайды деген үмітте.