Тайвандық Лин Ксаофен 9 жыл бұрын ауруханаға көп мөлшерде қан кетіп, ауыр жағдаймен түскен болатын. Егер де оған дер кезінде қан доноры табылмағанда тірі қалуы екіталай еді дейді Life.ru. Лин уақыт өте келе міндетті түрде өмірімді құтқарып қалған анонимді донордың кім екенін анықтаймын деп шешім қабылдайды.
Сол кезде өзінің кездесіп жүрген жігіті Лиан Зиченг өзінің де тұрақты түрде қан тапсыратындығын, сол себепті іздеген доноры болуы мүмкін екендігін әзілдеп айтыпты.
Қыз донор жайлы ақпаратты алу үшін қан құю орталығынің көмегіне жүгінеді. «Ол жақтағылар мен іздеген донордың аты-жөні Лиан Зиченг дегенде қатты таң қалдым» дейді Лин.
Мәліметтерді тексере отыра, кезінде өмірін құтқарып қалған адам шын мәнісінде өзінің қасында жүрген жігіті екендігіне көз жеткізеді. Лиан Зиченг жергілікті каналға сұхбат бергенде «Линмен арамыздағы түсініксіз жіпсіз бір байланыс барын сезіп жүретінмін. Әркім өзінің болашақ жарын бір рет болсын ажалдан құтқаруы тиіс» деп әзілдепті.