Израильде террористерді өлім жазасына кесу туралы жаңа заң жобасы жасалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Известия» газетінің мәліметіне сүйеніп.
Заң жобасын елдегі «Ликуд» партиясының депутаты Нава Прехи-Бокер әзірледі. Бұл құжатты елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху қолдады.
Заң жобасының басты мақсаты – теракт пен терроризмнің алдын алу, онымен күрес жүргізу. Заң жобасына сәйкес "теракт жасады" деп танылған қылмыскер өлім жазасына кесіледі. Ал қазіргі кезде жергілікті жерде ең қатал жаза – өмір бойы қамауда отыру.
Айта кетсек, Израильде 1948 жылдан бері қылмыскерлерді 2 рет өлім жазасына кесу орын алды.