Куәгерлер бүгін Шығыс Қазақстан облысының Осиновский асуында қар жауғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Облыс тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы аймақтағы қар көріністерімен де бөлісті. Қазгидромет ресми түрде қар жауатыны тіркелмегендігін хабарлады.
«Біздің мәліметтеріміз бойынша, Зырян ауданында түнде плюс жеті градус болды. Алайда, тауларда қар жауатындығы туралы мәліметтер болған жоқ», - деді Қазгидромет мамандары.
Бұған дейін синоптиктер ШҚО-да ауа райы -3 градусқа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін күшейетіндігін хабарлаған болатын. 12-13 қыркүйек күндері қатты суық болатындығы ескертілді.