Сот Сейтқазы Матаевқа қатысты әділетсіз шешім шығарды

/uploads/thumbnail/20171010111148146_small.jpg

Сейтқазы Матаевтың ісі бойынша сот бас бостандығын айыру жөніндегі шешімін бостандықты шектеу жазасымен алмастырмай отыр. 

Заң бойынша Қазақстан журналистер одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының бас директоры Сейтқазы Матаев пен ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаев түрмеден шығарылуы мүмкін, алайда судьялар оған жол бермеуге барын салуда, деп санайды адвокат,-деп ҚазТАГ-қа сүйене отырып жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  
«Қапшағай соты С.Матаевқа бас бостандығынан айыруды бостандығын шектеуге алмастырудан бас тартты. Алматы облыстық соты мұны қолдады. Қапшағай соты, сосын Алматы облысының соты ақпарат және коммуникация министрлігінің қарсы болмағанына қарамастан  рақымшылық қолданудан бас тартты,   бұл жерде баз біреулер үшін заң нормалары тиімді түрде түсіндіріліп жатқандай», - дейді адвокат Мәдина Бакиева.
Бұл ретте, ол атап өткендей, заң бойынша С.Матаевтың бас бостандығын айыруды бас бостандығын шектеумен алмастыруға негіз де жеткілікті.  
«Қылмыстық заң С.Матаевқа жазасын өтеуді шартты түрде мерзімінен бұрын аяқтауға мүмкіндік береді. Ол үшін қажет барлық мерзімді ол өтеген.  Денсаулық жағдайы әлі де қауіп төндіріп отыр – ол санитарлық аумақта, яғни ауруханада жатыр.  Ол мекеме оған оң мінездеме беріп отыр.  Бірақ соған қарамастан, сот келтірілген-міс залалды өтеу керектігін айтып, ашық түрде ол бостандыққа шығу үшін үлкен соманы – Т500 млн толық өндіру керектігін айтуда, алайда қылмыстық заң жазасын ауыстыруға залалды өндіруден басқа да негіздерді қарастырады», - деді М. Бакиева.
Өз кезегінде адвокат Андрей Петров атап өткендей, сот залалды өндіруін талап ете отырып, Матаевтарға соны жасауға мүмкіндік бермей отыр.  
«Бұл тұйық шеңбер болып табылады: соттар шығындарды өтеуді талап етеді, сондай-ақ Сейтқазы мен Асет Матаевтың осы сот басталмай тұрып 10 және одан да көп жыл бұрын тапқан дүние-мүлкі қамауға алынған. Енді барлығы сот орындаушыларының қолында. С.Матаевтың жұбайы бар, А.Матаевтың да жұбайы бар. Заңға сәйкес, олар бірлесіп тапқан мүліктің жартысын алуға құқылы.
Соған қарамастан, сот атқарушылары осы мүліктерді бөлмей отыр, мүлік құнсыз  тұр. Біз сотқа жазаны өзгертуге басқа негіздер бар екенін түсіндіруге тырысамыз, тіпті түзету мекемесінің әкімшілігі де осы мәселе бойынша өтініш берді, бірақ сотты осы сәттер қызықтырмайды», - деді ол.
А.Петровтың айтуынша, сотқа сыртынан қысым жасайды.
«Сырттан жасалған қысым сот, құқық қорғау органдары, біз үшін, адвокаттар мен клиенттеріміз үшін зор болды. Судьялардың өздеріне - біздің талап-арыздарымызды, шағымдарды жібергендерге қысым көрсетілді. Бұл біздің шағымдарымызды елемей,  Матаевтардың шағымдарын елемей, С.Матаевтың әйелінің, А.Матаевтың әйелінің өтініштерін елеместен, «Ұлттық баспасөз клубы» ЖШС-тің жазғандарын елемей отыр. Біреудің судьяларға әлі күнге қысым көрсетіп отырғаны өте жақсы сезіледі», - деді ол.
М.Бакиевада да дәл осы пікір қалыптасты.
«Кейбір судьялар бізге заңды шешім қабылдай алмайтындығын ашық айтады. Заңға сәйкес, ешкім ештеңе істегісі келмейді. Матаевтарды бас бостандығы мен мүліктерінен айыру жеткіліксіз болды. Біреуге олардың түрмелерде отырғаны керек болды», - деді ол.
Сонымен қатар, М.Бакиеваның айтуынша, С. Матаевтың ұстау орындарында тіпті қысым көрсетуді жалғастырып қана қоймай, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеттесу кезінде оның көмегіне жүгінуді жалғастырды.
«Тіпті ол жерде болса да, ол қысымға ұшырайды. С.Матаевтың сөзіне қарағанда, оған Астана тұрғындары келіп, белгілі бір басылымдар туралы жергілікті және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына әсер етуін өтінеді. Бұл іс-шара әсіресе ЭКСПО алдында қызу болды.
Бұдан басқа, Қазақстанның Журналистер одағын тастап, оның функцияларын жаңадан құрылған медиа одаққа беру туралы өтініштер бар. Енді мұндай әрекеттер қайтадан іске қосылады. Ашықтан ашық Сейтқазы мен Әсетке   егер Сейтқазы БАҚ-тарға бақылау жасайтыны немесе Журналистер Одағының бас тартатын болса олар  үшін кейбір жеңілдіктер уәде еткен. Сейтқазы мен Асет Матаевты тұтқындаған соң, барлық бұқаралық ақпарат құралдары бас бостандығынан айыру орындарында қамалған секілді, ешкім де өткір мәселе көтермейді немесе ешқандай да сөз қозғамайды», - деді ол. 

 

Связанные Статьи