Қоғамда дау тудырған Пермь тұрғыны Алексей Бессоновтың желіге тараған видеосын ҚР ұлттық қауіпсіздік қызметі тексеріске алды,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме бере отырып жазады. Бессонов шу тудырған бейне жазбасында «Қазақстанға ресейлік әскерді кіргізу керек» деп мәлімдеген болатын.
«Алексей Бессоновтың видео жолдамасы ҰҚК тіркеуіне алынып, қазіргі уақытта тексеріс амалдары жүргізіліп жатыр»,-деді мекеме қызметкерлері.
Еске сала кетейік, Бессоновтың видеосы қазақстандықтардың жүйкесіне тиіп, қоғамда үлкен дау тудырған еді. Сондықтан, Қазақстан азаматтары жағымсыз нәрселер айтқан орыс блогерін заң алдында жауапқа тартуды сұраған.