2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жалақы мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері өзгерді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюждет» туралы заңға сәйкес, 2018 жылдан бастап жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің айлық есептік көрсеткіші - 2 405 теңгені құрайды.
Жалақының ең төменгі мөлшері – 28 284 теңге. Мемлекетік негізгі зейнетақы мөлшері - 15 274 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері - 33 745 теңге.
Әлеуметтік төлемдерді төлеудің ең төменгі күн көріс деңгейі - 28 284 теңге.