Ер адамдардың пайымдауынша, сары қара және қоңыр шашты қыздарға қарағанда сары шашты қыздар әдемірек көрінеді екен. Бұл жайында АҚШ-тағы Аугсбургск университетінің ғалымдары мәлімдеді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Journal of Social Psychology басылымына сілтеме жасай отырып.
110 ер адамның қатысуымен өткен зерттеу нәтижесі бойынша, сары шашты қыздар әдемірек келетіндігі белгілі болды. Көптеген ер адамдар сары шашты қыздарды әдемірек әрі жеңілтек деп есептейді екен. Зерттеу жұмысына қатысқан 110 еркектің көпшілігі арқасымен түскен әйел адамдардың суреттерін көріп, өз таңдауларын жасаған.
Сонымен қатар, зерттеуге қатысқан ер адамдардың көпшілігі үйленер кезінде қара немесе қоңыр шашты қыздарды таңдағанның дұрыс екендігін айтып өтті. Және де шашының ұзындығына байланысты да шашы орташа ұзындықтағы әйел адамның шашы ұзын қыздарға қарағанда ақылдырақ келетіндігі белгілі болды.