Швейцариядағы төтенше жағдай салдарынан 8 адам зардап шекті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап. Қатты желден ағаштар электр тоқтарына құлап мыңдаған тұрғын үй жарықсыз қалды. Елдің орталығындағы Ленк қаласында жел локомативті құлатқан.
«Мен бұрын-соңды мұндайды көрген емеспін» дейді тасымалдаушы компания өкілі.
Желдің жылдамдығы сағатына 195 километрге жеткен. Бұл 1981 жылдан бері ең күшті жел. Жергілікті төтенше жағдай қызметі халыққа ескерту жіберді. Жолдар жабылды. Бірнеше қалада әуе рейстері кейінге шегерілді.