Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болып, жел 15-20 м/с күшейеді.