Зорлықтың құрбаны болған 19 жастағы қыз ел президентінен көмек сұрайды

/uploads/thumbnail/20180105090236916_small.png

19 жастағы Елена Иванова әділдік іздейді. Жас қыз видеожолдау түсіріп оны әлеуметтік желіге таратқан. Бұл туралы 31.kz-ке сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Оның сөзіне қарағанда, осы жазда ол экс-мәжіліс депутаты тарапынан зорлыққа ұшыраған. Алайда, оның кінәсін мойындата алмаған. Қазіргі уақытта қыз полицейлердің бақылауында анайы пәтерде тұрып жатыр.

Елена Иванова осыдан бес ай бұрын оқуын төлеу үшін құрылыс орнында бояушы болып жұмыс істеген. 11 тамызда сол ұйымның басшысы оны зорлаған. Сот медициналық сараптамасы бұл факті дәлелденсе де, іс жабылған. Тығырыққа тірелген Елена енді ел президентінен көмек сұрайды.

«Мені осы құрылыс орнының басшысы зорлады. Бұрынғы депутат, Нұротандық. Ол мені алдап, зорлап кетті. Қазір мен онымен күресіп келемін. Істі жауып тастады. Мен оның жалғыз құрбаны емеспін. Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа ешкімнен көмек сұрай алмаймын»-дейді қыз.

Тергеу әрекеттері тоқтатылса да, Елена тығылып жүруге, полицейлер бақылауында жүруге мәжбүр.

Связанные Статьи