Жапонияда қаңтардың 5-інен 6-сына қараған түні күшті жер сілкінісі болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Жапонияның Ұлттық метеорологиялық басқармасы цунами қаупін жариялады, алайда бірнеше минуттан кейін қауіп сейілді.
Жер асты дүмпулері Чиба қаласынан 16 шақырым солтүстік-батысқа және Токиодан 23 шақырым жерде тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы 80 шақырым тереңдікте орналасқан.
Ал магнитудасы әлі айтылмады.
ТАСС өкілдігінің Токиодағы ғимаратында жер сілкінісі айтарлықтай сезілген.