Әйел затын сүйе алмаған, Алланы да сүйе алмайды

/uploads/thumbnail/20170904194438643_small.jpg

Ертеде бір жас жігіт ақылы асқан қарияға келіп: «Маған Аллаға бастар жолды көрсет, менің сол жолмен жүргім келеді»,-деп қолқа салған екен.
Сонда қария: «Балам, сен әйелді сүйіп көрдің бе?»,-деп сауал тастапты.
Тыжырынған күйде: «Жо-о-қ, мені әйел түк қызықтырмайды, мен тек Алланы ғана сүйемін»,-дейді жігіт.
-«Онда саған ол нұрлы жол жабық,-депті қария,- себебі, әйел затын сүйе алмаған, Алланы да сүйе алмайды».
Осы сынды Жүрсін ағаның:
«Қай жерде, мейлі, қай елде,
Әлемнің мәні- әйелде...
Халыққа сыйлы болмайсың,
Әйелге болсаң жексұрын...
Әлемнің тілін таппайсың,
Әйелдің тілін таппасаң...
Әйелмен күнің өлшенер,
Құдайдан кейін-сол шебер.
Бақытты сен де болмайсың,
Әйелің сорлы болса егер.
Адамның күні әйелмен,
Әйелдер мәңгі жасасын!»,-деп келетін жолдары бар.
Бұл- әйелді биік көтеру. Өйткені, әйел-жар, әйел- ана. Ендеше, бұл жыр- Ананы сүю, Ананы мойындау.

Связанные Статьи