Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Ақши ауылында 6 жастағы бала басына мұз құлап көз жұмған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі МИА «Казинформ»-ға сілтеме беріп хабарлайды.
Бала су айдауыш мұнараның жанында тұрған уақытта басына мұз құлап сол жерде мерт болған.
«Бала 27 ақпанда ғана 6 жасқа толған. Өкінішке қарай, сол жерде қайтыс болған. Ауруханаға сараптама жасау үшін жеткізілді. Ашық бас-ми жарақатын алғандықтан,оқиға қайғылы жағдай ретінде тіркелді»,-дейді Ырғыз ауданының ауруханасыныңбас дәрігері Гүләйім Малдығұлова.