«Шапағат» коммуналдық базарының сатушылары мен тұтынушылары ЭЦҚ-ға ие болды

/uploads/thumbnail/20180227161626407_small.jpg

Бүгін «Қолжетімді ХҚО» акциясы аясында «Шапағат» коммуналдық базарының сатушылары мен сатып алушылары саудасынан қол үзбей-ақ, мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігіне ие болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. «Астана – адалдық алаңы» жобасы шеңберінде жүзеге асып жатқан бұл акцияны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Астана қаласы бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті ұйымдастыруда.

Еске сала кетейік, «Mega Silk Way» және «Хан Шатыр» ойын-сауық орталықтарында да өткізілген «Қолжетімді ХҚО» акциясы барысында келушілер ЭЦҚ-ға ие болып, мемлекеттік қызметтерді онлайн тәртіпте алу әдісімен танысқан болатын.  Сондай-ақ жоба аясында ХҚО өкілдері мемлекеттік мекемелерде, ірі сауда орталықтарында, орта мектептерде азаматтарға ЭЦҚ беріп, электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алуға машықтандырды. Акция басталғаннан бері бес мыңнан астам ЭЦҚ берілді.

Связанные Статьи