Ұлтым менің өзгелерден кем бе еді,
Даналық сөз болған дәйім тергені.
Жарлық қылдың: «Сөйлеңдер, – деп, – қазақша»,
Іске аспаса, онда жерге көмгені.
Тіл теңдігі тимеген ел шерлі еді,
Ширек ғасыр осы сөзге шөлдеді.
Айтқан сөзің жолда қалар болса егер,
«Ханның екі сөйлегені – өлгені!»
Тарқамаған әлі дағы базары,
Тіл тағдырын арқау еткен ғазалы,
Айтқан сөздің арты қалай болар деп,
Ел біткеннің саған ауды назары.
Заман туды болатұғын Ерге сын,
Сүйрелер ме әзиз басың төрге шын.
Жерге тірі көмілуді жауыңның
Деп тілеймін басына да бермесін!
Кенжеғали ҚОШЫМ-НОҒАЙ