АҚШ-та қылмыскер мен ол кепілге алған адамдар өлі күйінде табылды

/uploads/thumbnail/20180310163523854_small.jpg

АҚШ-тың Калифорния штатында Янтвилл қаласында 9 наурызда  қарулы ер адам  ардагерлер орталығында кем дегенде 3 адамды кепілге алған.

Нәтижесінде кепілге алынған 3 әйел адам қаза тапты. Қылмыскердің өзі де көз жұмған. Бұл туралы CNN хабарлайды. 

Күдікті 8 сағат бойы байланысқа шықпағаннан кейін бөлмеге арнайы топтың сарбаздары кірген. Олар ер адам мен кепілдегі 3 әйелдің жансыз денесіне тап болған. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Аталған ардагерлер орталығы қаладағы ең ірі орталықтардың бірі. Онда Екінші дүниежүзілік соғыс пен Вьетнам мен Иракта соғысқан ардагерлер тұрып жатыр.

Связанные Статьи