ҚХР-да сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты адвокаты пікір білдірді

/uploads/thumbnail/20171003161318194_small.jpg

ҚХР-да сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты сот отырысының мерзімі әлі белгіленбеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Еске салсақ, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы  Гуанчжоу әуежайында   4,5 келі есірткімен әуежайда ұсталған. Қытайлық сот бұл қылмыс үшін қызды өмір бойына бас бостандығынан айырған. 2016 жылы аппелляциялық инстанция соты Ақжарқынға қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасынан бас тартып, оның ісін  бірінші инстанция сотына жіберген. Бірінші инстанция сотында А.Тұрдыбайдың ісі қайта қаралды.  Қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбай тергеу абақтысында сот үкімін күтіп отыр.

«Сот отырысының уақыты әзірге белгісіз. Нақты уақыты белігі болғанда бірден процесске қатысу үшін шығамыз. Ақжарқынның туыстырының бірімен барамыз, ол үшін қытайлық визаларды алдын ала  дайындап қойдық»,-дейді қыздың адвокаты С.Нұрмағанмбетов.

Ақжарқынмен заңгерлер соңғы рет осы айдың басында кездескен. Ол өзінің денсаулығының жаман емес екенін, алдағы процесске дайын екенін айтқан. 

Связанные Статьи