Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны ұзартты

/uploads/thumbnail/20180312190356113_small.jpg

Еуроодақ Ресейдің 150 азаматы мен 38 компаниясына қатысты санкциялар мерзімін жарты жылға ұзартты. Бұл туралы Еуропа Кеңесінің ресми сайтында хабарланды.

Шектеулер Украинаның аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігіне қауіп төндіруге байланысты салынған. Брюссельдің пікірінше, Ресейде қалыптасқан жағдай санкцияны өзгертуге мүмкіндік бермейді.

Санкцияға ілінген ресейліктер мен компаниялардың активтері бұғатталып, ЕО-ға сапарлауына тыйым салынады.

ЕО мен АҚШ Кремльге қарсы санкциясын 2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялап, Донбастағы қақтығысқа киліккені үшін салған. Мәскеу Қырымды Ресейге қосып алғанын «тарихи әділдіктің орнауы» деп атайды, бірақ Украинадағы соғысқа қатысы барын жоққа шығарады.

Связанные Статьи