Ақтөбе әкімдігі маңында болған атыс салдарынан бір адам зардап шекті.
Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасы оқиғаның 11 наурызда Ақтөбе облыстық әкімдігінің айналасында болғанын жазды. Оқиға орнына жедел жәрдем көлігі мен полицей қызметкерлері келіп, Абай бульварына өтетін жол жабылған.
«Мой ГОРОД» порталының мәліметіне сүйенсек, ер адамның бірі екіншісіне оқ атқан. Жараланған адам дереу ауруханаға жеткізілді. Ал оқ атқанды полицей қызметкерлері іздестіріп жатыр.
Ақтөбе облысы ІІД мәліметінше, оқ травматикалық қарудан атылған. Өзге деректер әлі айтылмады.