Елордада кейбір азық-түліктің бағасы арзандады. Өзгерістер бойынша, картоптың бір келісі 115 теңге, пияз 100 теңге, сәбіз – 105 теңге, қырыққабат бағасы – 90 теңге.
Картоп бағасы өткен жылмен салыстырғанда 25 теңгеге арзан, ал сәбіз бағасы 5 теңгеге арзандаған.