Путин ресейліктерді сайлауға қатысуға шақырды

/uploads/thumbnail/20170824191351419_small.jpg

Владимир Путин барлық ресейліктерді 18 наурызда өтетін президенттік сайлауға қатысуға шақырды деп хабарлайды РИА Новости.

"РФ Конституциясы бойынша елдегі жалғыз билік көзі ол — халық. Кез  келген адам таңдауды өзі жасайды, біздің мемлекетте әруақытта солай болған. Ресейдің болашағы әрбір ресейліктің қолында",-деді президент. 

Оның айтуынша, президенттік сайлау кезінде әркім өзі лайықты деп таңдаған адамға дауыс беруге құқылы. 

"Алайда егер сіз дауыс бермейтін болсаңыз,  сіздің көзқарасыңыз ескерілмейді",-деді ол.

Еске салсақ, РФ президенттігіне сайлау осы жексенбіде өтеді. Президенттік сайлаудың үміткерлері: Сергей Бабурин, Павел Грудинин, Владимир Жириновский, Владимир Путин, Ксения Собчак, Максим Сурайкин, Борис Титов, Григорий Явлинский.

Связанные Статьи