Ресейдегі президент сайлауы қалай өтті?

/uploads/thumbnail/20180319115636638_small.jpg

Ресейдегі президент сайлауы барлығы шамамен бір тәулікке — 22 сағатқа созылды деп жазады РИА Новости. 

Мәліметтерге сүйесек, сайлау кезінде Владимир Путин 76% дауыс жинады. Екінші орында КПРФ үміткері Павел Грудинин, содан кейінгі орынға ЛДПР лидері Владимир Жириновский, одан соң Ксения Собчак жайғасты. Калған үміткерлер бірде-бір пайыз дауыс жинамаған.

Сағат таңғы 10-да Мәскеудегі сайлау бюллетендері арқылы  17%,сағат  12-де — 35%, сағат 3-терде — 50%, сағат 6-да —  60% адам дауыс берген. Протоколдың 91% жасалғаннан кейін 67%-дан аса адамның келгені белгілі болды.  Ең белсенді өңірлер ретіне Тыва, Чукотка, Кемеров облысы, Шешенстан және т.б аталды. Сонымен бірге Санкт-Петербург пен Мәскеу қалаларында да халық сайлауға белсенді қатысқан.

Сайлаудың техникалық жабдықталуы жоғары дәрежеде өткен. Тұрғындардың  80%-ы арнайы  видеобақылау орнатылған сайлау пункттерінен дауыс берген.

Қырымда Путин 92% , Севастопольде 91% дауыс жинаған.

Шетелде жүрген Ресей азаматтары үшін 400 учаскелік сайлау пункттері ұйымдастырылды.   

Связанные Статьи