«Əл-Фараби – өркениет ойшылы»

/uploads/thumbnail/20180319223942085_small.jpg

Бүгін Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының оқытушысы Нұрат Құлымбетұлы Ілияс әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры, академик  Ғалымқайыр Мұтановтың арнайы Алғыс хатымен марапатталды.

Нұрат Құлымбетұлы ұлы ғұлама  Әбу Насыр Мұхаммед Əл-Фараби жайлы түсірілген "Əл-Фараби – өркениет ойшылы"  атты деректі фильмді түрік тілінен қазақ тілінде аударып шықты.

Доктор,  профессор Бекир Карлығаның жетекшілігімен «Медар» Стамбул xалықаралық  мәдени орталығы, Ескишеxир әкімшілігі, «Түрік әуе жолдары» және Анадолы университеті мен  Əл-Фараби атындағы ҚазҰУ  бірлесіп түсірген  деректі фильмге  академик Ғ. Мұтанов пен профессор Ж. Алтаев кеңесшілер болды. Көркемдік жағынан әсерлі,  мазмұнды фильм жақында көрермендеріне жол тартпақ.  Философиялық  фильмді өте қысқа уақытта  аударып шығу оңай  емес.

Әріптесіміз Нұрат Құлымбетұлын құттықтаймыз және жұмысына  үлкен табыс пен сəттілік тілейміз!

Қортабаева Гүлжамал ф.ғ.к

Связанные Статьи