АҚШ президенті Дональд Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтамады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып. Ақ Үйдің өкілі Хокан Гидли Трамп Путинге хабарласуды әлі жоспарламағанын айтты.
Оның айтуы бойынша, Путиннің қайта сайлау кезінде жеңіске жетуі күтпеген жайт болмаған.
«Біз Ресеймен қарым-қатынасты жақсартуға тырысамыз. Бірақ Ресей біздің қызығушылығыма қарсы келетін болса, санкция салатын боламыз. Алайда бірге жұмыс жасап, қарым-қатынасты жақсарту үшін түрлі жұмыстар атқарып, мүмкіндіктерді пайдалануға тырысамыз», деп мәлімдеді Гидли.