22 наурызда Қазақстанның 13 өңірінде өзен суы арнасынан тасуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20180320093212028_small.jpg

22 наурызда Қазақстанның 13 өңірінде өзен суы арнасынан тасуы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-дан мәлім етті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында ауа температурасының көтерілуі мен күтіліп отырған жауын-шашындарға байланысты өзен деңгейі көтеріліп, арнасынан тасуы мүмкін.

Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында күндіз жаңбырдың жаууына және температураның көтерілуіне байланысты  қардың еріген суы қалыптасады, өзендер деңгейі көтеріліп, арналарынан тасуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы бірқалыпты көтеріліп, жекелеген жерлерде жауын түседі. Салдарынан өзендерде сеңнің жүруі күшейіп, арналарында кептелістер туындайды. 

Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында күтіліп отырған жаңбырға және температураның жылынуына байланысты өзен деңгейлері көтеріліп, арналарынан тасуы мүмкін. Алматы және Жамбыл облысының кей жерлерінде жауын-шашындарға орай өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал.

Связанные Статьи