YouTube қауіпсіздік шараларын күшейтті

/uploads/thumbnail/20180404101045659_small.jpg

YouTube-тің штаб-пәтерінде болған атыстан кейін компания барлық кеңсесіндегі қауіпсіздікті күшейтті. Бұл туралы Google компаниясы Туиттердегі аккаунтында жария етті, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Естеріңізге сала кетейік, 39 жастағы Насим Агдам есімді әйел сейсенбіде YouTube ғимаратында оқ атқан болатын. Аталған шабылдан 3 адам жарақаттанды. Қылмыскер оқиға орнында көз жұмды. Ол ғимаратқа басып кіріп, маңайдағыларға оқ жаудырған. Артынша өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ ғимараттағылардың барлығын шығарып, тексеру жүргізді. Жергілікті арналардың хабарлауынша, қылмыскер әйелдің бұл қадамға баруына нақты не түрткі болғаны анықталмады. Алайда оның Youtube оның видеоларына шектеу қойып, қаражат табуға кедергі келдірді деп шағымданғаны белгілі болды.

Связанные Статьи