Қостанайдағы ойын-сауық орталығынан өрт шықты, зардап шеккен адам бар

/uploads/thumbnail/20180406105651364_small.jpg

Қостанайдағы MART сауда және ойын-сауық орталығынан өрт шығып, күзетшілердің бірі зардап шекті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алау порталының дерегін негізге ала отырып. 

Өрт бүгін таңертең сағат алтының шамасында жертөледегі дәріханадан шыққан.  

Қостанай облысы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі хабарлауынша, компьютердің жүйелік блогы мен сөрелер өртенген.    

«Өрт 3 шаршы метрге шарпыды. Қызыл жалынды өрт сөндірушілер келгенше MART сауда және ойын-сауық орталығының күзетшісі сөндірді», — деп хабарлады ведомство.

Қостанай қалалық ауруханасы травматология бөлімінің меңгерушісі Марал Әбілқасымованың мәліметінше, сауда орталығы күзетшілерін бірінші-екінші дәрежелі күйік шалған. Ер адам ауруханаға өзі барып, медициналық көмек алған, ол амбулаториялық жағдайда емделуге жіберілді. 

MART сауда және ойын-сауық орталығында бірнеше күн бұрын оқу-жаттығу өткен болатын.       

Связанные Статьи