«Бедеулік – мектеп дәретханасының кесірінен болуы мүмкін»

/uploads/thumbnail/20180406131715901_small.jpg

Даладағы дәретхана – бедеулікті тудыруы мүмкін. Бұл туралы «Амансаулық» қоғамдық қорының басшысы Бақыт Түменова айтты, деп жазады Қазақпарат.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда отбасылардың 15% балалы бола алмайды. Жастар мен кәмелет жасқа толмағандар арасындағы жасанды түсік - басты мәселелердің бірі.  

«Қазір бедеулік тек жасанды түсіктен ғана туындамайды. Мектептердің көбінде дәретхана далада орналасқан. Қыздар мен жігіттер суық тигеннен кейін бедеулікке ұшырайды» дейді Бақыт Түменова.

Ол аталмыш мәселені тек ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ғана емес, әрбір азамат өзбетінше шешуге тырысуы қажет екенін де атап өтті.

Связанные Статьи