Лифтке қысылып қайтыс болған әйелдің қызы: Анам құлады, мен жыладым...

/uploads/thumbnail/20180410151800262_small.jpg

Лифтке қайтыс болған ақтөбелік журналистің күйеуі қайғылы оқиғаны өз көзімен көрген 3 жастағы қызының қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап. 

Марқұмның жолдасы сол қайғылы оқиға қазір қызының есіне түсетінін айтады. 3 жастағы қыз лифтке жүгіріп кіріп үлгерген. Ал оның артында келе жатқан анасы лифтке кіруге үлгермей, есігі жабылып, бірден жоғары көтеріліп кетіпті. Марқұмның денесін жолдасы Қайыржан Ерқасымовтың өзі алған. 

«Әйелім лифтке кіріп үлгермеген. Тек денесі ғана кірген де, аяғы сыртта қалып қойған. Кеудесі мен ішін қысып қалған. Өлімнің себебі – қысылудан болған асфиксия. Бұл туралы сот сараптамасын алғанда білдім», – дейді марқұмның жолдасы Қайыржан Ерқасымов. 

Өткен сенбіде туыстары Айзат Әбдісаматты жер қойнына тапсырды. Марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға жақындары мен таныстары ғана емес, жүздеген таныс емес адам келген. Ал марқұмның жолдасы Қайыржан анасының өлімін өз көзімен көрген 3 жастағы қызының жағайын ойлап, уайымдап жүр. Қайыржан Ерқасымовтың айтуынша, қыз 3 жаста болса да қорқынышты жағдайдың болғанын түсінеді. Бүлдіршінмен психологтар жұмыс істеп үлгерген. 

«Бірінші күні қиын болды. Ұйықтай алмадық. Екінші күні де есіне түсіп кете береді. «Анамды қысып қалды», — деп айтады. «Анам құлады, сосын мен жыладым», - дейді. Бірақ анасын сұрамайды. Меніңше, ол да сезеді. Не дегенмен қорқынышты жайтты өз көзімен көрді ғой. Оқиға әлі қызымның көз алдында», – дейді марқұмның жолдасы. 

Қайғылы оқиғадан кейін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев барлық жеделсатыны тексеруді тапсырды. Ал Ішкі істер департаменті болған оқиғаның себебі мен кінәлілерді іздестіріп жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Ақтөбедегі тұрғын үйлердің бірінде әйел лифтке қысылып, қайтыс болған еді. Оқиғаның барлығын 3 жастағы қызы өз көзімен көрген.

Связанные Статьи