Оралда терезеден құлап кеткен 7 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.
БҚО Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қайғылы оқиға кеше сағат 11.45-те болған.
2011 жылғы бала 4-шағынаудандағы көпқабатты үйлердің бірінің екінші қабатынан құлап кеткен. Бала қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілгенімен, алған жарақаттары салдарынан көз жұмды.