Қуандық Бишімбаев, Нартай Дүтбаев және Мұратхан Тоқмади жазасын өтейтін түрмені өздері таңдап алады. Белгілі болғандай, үшеуінің колония таңдап алуға құқықтары бар екен. Ол тіркеуде тұрған жердегі немесе жауапкершілікке тартылған жердегі колония болуы мүмкін. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК-ға сілтеме беріп хабарлайды.
Сотталғандардың әзірге нақты қай жерде жазаларын өтейтіні белгісіз. Барлығы қамауда ұстау режиміне байланысты болып отыр. Елімізде олар таңдай алатын бірнеше колония бар екен.
ҰҚК-нің экс төрағасы Нартай Дүтбаевты ШҚО-дағы немесе Қарағандыдағы колонияға жіберуі мүмкін. Себебі онда бұрынғы сот пен полиция қызметкерлеріне арналған мамандандырылған үлгідегі түзеу мекемелері орналасқан.
Сонымен бірге, сотталғандар жазаларын туған-туыстары тұратын аумақта өтеуге де мүмкіндіктері бар. Ол үшін сотталғандар арыз жазуы керек екен.
Жақын арада екі шенеунік пен кәсіпкерді түзеу мекемелеріне жіберетін болады.