Жан Ахмадиев танымал журналисті сотқа бермек (видео)

/uploads/thumbnail/20180326183537484_small.png

Заманауи жырау Жан Ахмадиев «Gakku» арнасын сотқа бермек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан біраз уақыт бұрын «жезөкшелерді сабау керек» деп өз әйелін қамшымен ұрған рэпер жеке басының құқығын таптаған журналистен ресми түрде кешірім сұрауын талап етті. Кешірім сұрамаған жағдайда арнаны сотқа беретінін жеткізді.

«Күні кеше атышулы видеома байланысты түрлі пікірілер айтылды. Даттайтындар да, жақтайтындар да табылды. Алайда сол даттағандардың арасында ұлттық музыкалық «Gakku» арнасы да бар.  Мыналарыңыз ұят енді. «Gakku» арнасындағы «Ұят Parade» бағдарламасының жүргізушісі Нұржан Еркінұлы жеке басымның құқығын таптап, мені мүгедек деп атады. Арна мамандарының кәсіби деңгейін байқап қойдым. Арнаның деңгейі осыншалықты төмен түседі деп ойламаппын. Сондықтан бағдарламаның жүргізушісі Нұржан Еркінұлының менен кешірім сұрауын талап етемін. Олай етпеген жағдайда сотқа беруге мәжбүрмін», – дейді Ахмадиев.

Сонымен бірге ол өзінің инстаграм парақшасына «Айтылған сөз – атылған оқ!!! Сөздеріңізге жауап беруге дайынсыздар ма?» – деп жазды.

Айта кетейік, «Gakku» арнасындағы «Ұят Parade» бағдарламасының жүргізушісі: «Жан Ахмадиевтің атын айтсам, құсқым келеді. Заман дамыған уақытта пиар үшін қыздарды қамшымен қуып жүр. Шындығында, бейнебаянның толық нұсқасын көрсеңіз, Жанның клип түсірмей тұрып сол жеңіл жүрісті қыздарға өзі барып, сөйлесіп жүргенін көруге болады», – деп сынаған.

Связанные Статьи