ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев алдағы күндері бензин бағасы төмендеуі мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда бензин тапшылығы жоқ. Сондықтан бензин бағасы түсуі мүмкін.
— Менің ойымша, бензин бағасы түсуі мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстанда бензин көлемі артығымен бар», - деді Қанат Бозымбаев.