Батыс Қазақстанда 41 жастағы тұрғын кәріз құдығына құлап қайтыс болды

/uploads/thumbnail/20180411171017222_small.jpg

Батыс Қазақстан облысында 41 жастағы тұрғын кәріз құдығына құлап, қайтыс болды. Оқиға 9 сәуірде түнде болған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі mgorod.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақжайық ауданының әкімі Әділ Жоламановтың айтуынша, дала қараңығ болғандықтан азаматтың кәріз құдығына қалай түсіп кеткенін ешкім көрмеген. 

— Ер адам кафеден шығып, беті ағаш тақтайшалармен жабылған кәріз құдығына түсіп кеткен. Өзі ол жерден шыға алмаған соң, батып кеткен", – дейді аудан әкімі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, марқұм 1977 жылы дүниеге келген Зеленовский ауданының тұрғыны.

Связанные Статьи