Қазіргі балаларды мәжбүрлеу керек – Президент тілдерді меңгеру жайында

/uploads/thumbnail/20180412141025593_small.jpg

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев балалардың тәрбиесі жөнінде пікір білдірді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі жаңа оқулық» жобасы аясында шыққан алғашқы оқулықтардың тұсаукесерінде Елбасы тілдерді меңгерудің мүмкіндіктерімен бөлісті.

«Қанша тіл меңгерсең, соншалықты мәдениеттісің» деген бар. Ал ол оңай емес. Кей кездері онсыз да қолдары босамай жүрген балаларды аяп кетесің. Біздің уақыттағы балаларды оқытпаған. Ата-аналардың басты міндеті – аш қалмау еді. Баланы ойлайтын шама болған жоқ. Ал қазір бәрі басқаша. Балаларды мәжбүрдеу керек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз сөзінде мемлекет басшысы неміс философы Шопенгауреді үлгі ретінде көрсетті.

«Еуропаның ұлы ғалымы биографиясында өзіне тиесілі дүниені жаттамағаны үшін әкесі үш күн бойы аш қалдырған. Ұлы композиторлар да солай тәрбиеленді. Олар да бала күнінде қиналған шығар, есесіне жемісін көрді», - деді Назарбаев.

Бұған қоса Нұрсұлтан Назарбаев шет тілдерді меңгерудің артықшылықтарымен бөлісті.

«Бірнеше тілді білген адам үшін кез келген есік ашық. Жаңа қызметкерлер іздеп жүрген шетелдік компаниялар көп елімізде. Тіл білмеген адамды қалай алады?», - деді.

Балалардың үш тілді меңгеруі үшін елде түрлі жағдайлардың жасалғанын да ескеріп өтті.

«Жақсының бәрі тек балалар үшін. Швейцарияға барсаңыз, таксишінің өзі төрт тілде сөйлей алады. Себебі онда ағылшын, неміс, француз және итальян тілдерін білу міндеттелген. Әрі сол тілдердің бәрі мемлекеттік болып саналады. Түсінсіздер ме?», - деді мемлекет басшысы.

Связанные Статьи