Қазақстандық боксшы «Адай» лақап аты бар Уәлихан Бейсенқұлов (3-0, 3КО) Мәскеуде (Ресей) кәсіби бокстағы өзінің үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
«Локомотив» бокс академиясының рингінде біздің отандасымыз камерундық Кристиан Вуапимен айқасты. Алты раундқа есептелген жекпе-жек төртінші раундта аяқталды. Бейсенқұлов нокаутпен жеңді.