Сирия әскерінің бекіністері зымыранмен атқыланды

/uploads/thumbnail/20180430101829698_small.jpg

Сирия үкіметі әскерінің Хама мен Алеппо қалалары маңындағы бекіністері зымыранмен атқыланды. Шабуылдан жапа шеккендер туралы мәлімет жоқ. Әскерилердің айтуынша, осы шаһарлардың шетіндегі қару-жарақ қоймалары мен Алеппо жанындағы әскери әуежай нысанаға алынған. Сонымен бірге Башар Асад жағында соғысып жатқан ирандық жасақтар орналасқан тұс та зардап шекті.

Алайда бұл соққыларды кімнің жүзеге асырғаны әлі белгісіз. Қазір ол тексеріліп жатыр.

Еске сала кетейік, сәуірдің 14-і күні АҚШ, Ұлыбритания, Франция елі Сирия үкімет әскері Дума қаласында химиялық қару қолданды деген айыппен осы елдің аумағын зымыранмен атқылаған болатын. Ол кезде бұл мемлекеттер Дамаск маңындағы ғылыми-зерттеу орталығын, әуе қорғаныс базасын, бірнеше әуежайды және қару-жарақ қоймаларын көздеген.

Связанные Статьи