XV Еуразиялық медиа форумға Италияның экс Премьер-министрі қатысады

/uploads/thumbnail/20180430115201121_small.jpg

 2018  жылдың 22-24 мамыр күндері XV Еуразиялық Медиа Форум өтеді. Биылғы Форум Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде болады.

Іс-шара жыл сайын әлемнің алпыстан астам мемлекетінен халықаралық және қазақстандық БАҚ өкілдерін, саясаткерлер мен сарапшыларды бір алаңға жинап келеді.

Осы жолғы Форумның хэдлайнерлері ретінде Италияның экс Премьер-министрі Матео Ренци мен Барак Обаманың коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Роджер Фиск қатысатынын растады. 

«Эволюцияның 15 жылы: әлем қалай өзгереді және бізді қалай өзгертеді» тақырыбындағы Форумның «Халықаралық қарым-қатынастар эволюциясы» сессиясында Италияның экс Премьер-министрі Матео Ренци басты спикер болады. Сессия модераторы – ТАСС бас директоры Михаил Гусман.

Барак Обаманың коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Роджер Фиск «Ақпараттық технологиялар эволюциясы: нақты деректен фейк жаңалықтарға. Алаңдауымыз қажет пе?» сессиясының басты спикері болып табылады.

Сонымен қатар, Форум қонақтарын қызықты пікірталас алаңы,  маңызды тақырыптар, мазмұнды әңгіме, спикерлердің танымал шоғыры күтеді.

Еуразия медиа форумы 3 күн өтеді. Жиында 7 пленарлық сессия болады. Сондай-ақ, әлемдік сарапшылар шеберлік дәрісіне бір күнді арналады. 

аат

Связанные Статьи