Қазгидромет 1 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, жекелеген аудандарында бұршақ болуы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге дейін жетіп, тұман күтіледі.
Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде қатты жел соғып, найзағай, тұман болады. Оңтүстік Қазақстан облысында бұршақ болуы мүмкін. Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақтобе, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с-ге жетіп, найзағай ойнайды, күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал.